ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы тарапынан бүгінгі таңда Ақтау қаласы бойынша өзекті мәселелердің бірі зейнет жасына жетіп демалысына кеткен педагогтарға төленетін өтемақы төлемі бойынша және зейнет жасына шығару тәртібіне қатысты заңдылықтарға байланысты ұйым басшыларына құқықтық кеңес беру жалғасуда.
Осындай түсіндірме жұмыстарының бірі Ақтау қаласы білім бөлімінің М.Әуезов атындағы №20 мектепте жүргізілді. Мектеп директорына еңбек қатынастары, еңбек даулары және олардың туындау себептері, Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу, жүктеме бөлу тәртібі туралы мәселелерге құқықтық кеңестер берілді.
Кәсіподақ тарапынан әлеуметтік әріптестер мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен білім беру саласындағы еңбек қатынастарының өзекті түйткілдері, педагог қызметкерлердің құқықтық қорғалуы және еңбек дауларын реттеу тетіктері кеңінен талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы.