ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР
«Еңбек даулары: себептері және шешу жолдары. Келісу комиссиясының рөлі» тақырыбында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері Байғанин ауданында семинар өткізді. Семинарда еңбек дауларын шешу жолдары мен әлеуметтік әріптестікті дамыту тәжірибелері талқыланды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ мүшелері және келісу комиссиясының мүшелері қатысқан семинар барысында білім беру саласындағы еңбек қатынастарының өзекті мәселелері, педагог қызметкерлердің құқықтық қорғалуы және еңбек дауларын реттеу жолдары қаралды. Қатысушылар белсенділік танытып, еңбек құқықтары мен келісу комиссиясының қызметіне қатысты сұрақтар қойды. Мұнда педагогтардың еңбек демалысы, қосымша ақы төлеу тәртібі, еңбек дауларын сотқа дейінгі шешу жолдары бойынша сұрақтар кеңінен талқыланды.
Семинар педагогтарға өз құқықтарын қорғау және еңбек дауларын шешудің тиімді әдістерін меңгеруге мүмкіндік берді.
-
Фотографии
-