БАЙҒАНИН АУДАНЫНДА КӘСІПОДАҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛЫП, ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Байғанин ауданында өткен есептік сайлау конференциясына қатысты. Шараға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары, әлеуметтік әріптестер мен кәсіподақ мүшелері жиналды.
Басқосу барысында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, негізгі жетістіктерге тоқталды. Кәсіподақ жұмысы білім және ғылым саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және еңбек қатынастарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Сонымен бірге жұмыс берушілермен тығыз әріптестік орнатылып, еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізілгені айтылды. Кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету, еңбек дауларының алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.
Байғанин аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Дабысов сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымымен бірлескен жұмыстардың оң нәтижесін атап өтті. Ол алдағы уақытта да педагогтар мен білім беру мекемелері қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Жиын қорытындысында ашық дауыс беру нәтижесінде Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Жамаладинов Мұрат Шаңдыбайұлы сайланды.
-
Фотографии
-