«ҮЗДІК ЖАС МАМАН» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Маңғыстау облысының Қарақия аудандық мектепке дейінгі ұйымның педагогтары мен тәрбиешілеріне арналған «Үздік жас маман» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, педагогикалық тәжірибе алмасу және ұстаздық мамандыққа деген сүйіспеншілікті арттыру.
Іс-шара барысында жас мамандар өздерінің кәсіби білімін, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын, жаңашыл көзқарастарын көрсетті. Әр қатысушы өз ұйымдастырылған іс-әрекеті мен педагогикалық шеберлігі арқылы ерекше әсер қалдырды. Аудандық әдістемелік орталықтың сектор меңгерушісі М.Б.Бұсырманова жас мамандарды жүлделі дипломдармен марапаттады.
Одан әрі «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Қарақия аудандық филиалының төрағасы Маржан Бақтығалиқызы Каржаубаева байқау ережесіне сай, өте жоғары деңгейде қатысқан маман иелерін атап өтті.
Сонымен қатар барлық қатысушыларға алғысын жеткізіп, кәсіби қызметтеріне жетістіктер тіледі. Аудандық білім қызметкерлері кәсіптік ұйымы атынан сыйлықтар табыстады.
Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық кәсіподақ филиалы
-
Фотографии
-