АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫ АРАСЫНДА «ҚҰРМЕТ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК КУИЗ ОЙЫНЫ
Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы, Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі және «Құрмет» еркін ұстаздар қауымдастығымен бірлесе отырып Алматы ауданындағы білім беру ұйымдарының педагогтары арасында «Құрмет» атты зияткерлік куиз ойынының аудандық іріктеу кезеңін өткізді.
Іс-шараның мақсаты педагогтардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру және ұжымдық рухты нығайту, зияткерлік мәдениетті дамыту және танымдық белсенділікті арттыру, білім беру саласындағы әріптестер арасында достық байланыс орнату.
Ойынға қаланың Алматы ауданындағы білім беру ұйымдарынан құралған 22 команда қатысты. Ойын барысында интеллектуалдық нұсқада сұрақтар қойылып, ойыншылардан тиісті жауаптар алынды.
Ойынның қорытындысына сәйкес:
1 орын:
№70 мектеп-лицейі, «OilaNike» командасы.
2 орындар:
№92 мектеп-лицейі, «92» командасы;
№50 мектеп-лицейі, «Қазғарыш» командасы.
3 орындар:
№22 мектеп-гимназиясы, «МК» командасы;
№51 мектеп-гимназиясы, «Жас IQ» командасы;
№37 мектеп-лицейі, «GPT37» командасы иеленді.
Жеңімпаз командалар наурыз айында өтетін қалалық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар, Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының бағалы сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды.
Алдағы уақытта аудандық іріктеу кезеңі Астананың қалған аудандарында өз жалғасын табады.
-
Фотографии
-