ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ҰСТАЗ
Тұраров Әнуарбек Рамазанұлы – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Көктас ауылындағы №4 жалпы білім беретін тірек мектебінде (ресурстық орталық) 1992 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келе жатқан, саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісіне арнаған тәжірибелі әрі өнегелі ұстаз.
Әнуарбек Рамазанұлы дене шынықтыру пәнінің жоғары білікті маманы, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби шеберлігі қалыптасқан педагог. Ол оқу-тәрбие үдерісінде дене шынықтыру мен спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп, оқушылардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жүйелі түрде ықпал етіп келеді. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, шәкірттердің спортқа деген қызығушылығын арттыруға және олардың жеке қабілеттерін ашуға зор мән береді.
Ұстаздың жетекшілігімен тәрбиеленген оқушылар облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі спорттық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындар иеленіп келеді. Әнуарбек Рамазанұлының қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында көптеген шәкірттері жеңіс тұғырынан көрініп, өздерінің спорттағы жетістіктері арқылы мектеп пен ауданның абыройын асқақтатуда.
Көп жылғы адал еңбегі, педагогикалық тәжірибесі мен спорт саласын дамытуға қосқан үлесі оны ұжым арасында зор құрметке бөлеп, әріптестері мен шәкірттеріне үлгі тұтарлық тұлға ретінде танытады.