КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
Крылов атындағы орта мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымының кезекті жиналысы өткізілді. Жиынға бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері мен «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Панфилов аудандық филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков қатысты.
Шарада Панфилов аудандық филиалдың төрағасы Мақытбек Әділұлы кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және ұжымдық келісімшарттың орындалуы жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Әмірқанқызы кәсіподақ мүшелері туралы мәлімет беріп, 2025–2026 оқу жылында кәсіподақ ұйымының жалпы мүшелер саны 100 адамды құрайтынын атап өтті. Сонымен қатар қазіргі уақытта 86 кәсіподақ мүшесі еңбек қызметін атқарып жүргенін, ал 14 мүшесі бала күтіміне байланысты демалыста екенін жеткізді. Сонымен қатар, белсенді жұмыс жүргізген кәсіподақ мүшелері марапатталғанын, ынталандыру жұмыстары әлі де жалғасын табатынын айтты.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері тарапынан коммуналдық төлемдер, кіші қызметкерлерге сауықтыруға арналған жәрдемақылар туралы мәселелер көтерілді. Аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Мақытбек Әділұлы толық жауап берді.
Жиын соңында бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелері көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, алғыстарын білдірді. Аудандық кәсіподақ филиалының сала қызметкерлерінің құқығын қорғауда жасап жатқан жұмыстарына ризашылықтарын білдірді.
-
Фотографии
-