МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕГЕНІҢ ҮЛГІСІ
Сызықова Айгүл Қуанбайқызы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Көктас ауылындағы №4 жалпы білім беретін тірек мектебінде 1998 жылдан бері вахтер болып абыройлы еңбек етіп келеді. Жиырма сегіз жыл бойы кіші қызметкер ретінде өз міндетін адал атқарып жүрген Айгүл Қуанбайқызын нағыз еңбек адамы.
Ол мекеменің тыныштығы мен тәртібін қамтамасыз етіп, күнделікті жұмысын жоғары жауапкершілікпен атқарып келе жатқан адал адам. Көзге көп көріне бермейтін, алайда аса маңызды қызметті мінсіз орындап, өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленеді. Вахтер апайдың жылы шырайлы амандасуы, қырағылығы мен ұқыптылығы ұжым мен келушілерге әрдайым жағымды әсер қалдырады.
Қазіргі таңда Айгүл Қуанбайқызы аяулы жар, екі ұл мен бір қызды тәрбиелеп отырған ардақты ана. Жұмыста тәртіп пен ұқыптылықты берік ұстанса, отбасында мейірім мен өнегенің үлгісін көрсетіп келеді. Сабырлылығы, төзімділігі, еңбекқорлығы көпшілікке үлгі боларлық еңбек адамының айқын үлгісі.