ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНІҢ НӘТИЖЕСІ – ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ
Хуатай Сайрагүл ұзақ жылдар бойы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Көктас ауылындағы №4 жалпы білім беретін тірек мектебінде (ресурстық орталық) бастауыш сынып мұғалімі қызметін абыроймен атқарып келе жатқан, мол тәжірибесі мен терең білімі тоғысқан білікті ұстаз. Ол өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, әр шәкіртінің бойындағы қабілетті дер кезінде танып, оны дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтын нағыз педагог.
Ұстаздың шәкірттері ғылыми жобаларда, пәндік олимпиадаларда, түрлі білім сайыстары мен жарыстарда облыстық және республикалық деңгейде жүлделі орындарға ие болып келеді. Бұл Сайрагүл ұстаздың табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі. Оның тәлім-тәрбиесін алған көптеген шәкірттері бүгінде еліміздің түрлі салаларында, соның ішінде министрлік деңгейіндегі жауапты қызметтерде абыроймен еңбек етіп жүр.
Өнегелі ұстаз жас ұстаздарға әрдайым бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибесімен бөлісуден ешқашан жалықпайтын, ақыл-кеңесін аямайтын қамқор тәлімгер. Ұжым ішінде беделі жоғары, адамгершілігі мен іскерлігі қатар өрілген, әріптестеріне үлгі боларлық мықты ұстаз ретінде зор құрметке ие.