ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?
Акция аясында Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Таукеева Құсшы ата ауылында орналасқан №15 Төрткүл–Төбе жалпы білім беретін мектебіне арнайы барып, білім ордасының ұжымымен кездесті. Іс-шара жұмыс атмосферасында өтіп, тараптар арасында ашық әңгіме өрбіді.
Кездесу кезінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бүгінгі қызметі мен оны дамыту жолдары сөз болды. Кәсіподақтың ұжым үшін атқаратын нақты жұмыстары, мүшелерге берілетін мүмкіндіктер мен қолдаулар жан-жақты түсіндірілді. Бұл ақпараттар педагогтар үшін пайдалы әрі өзекті болды.
Манат Пазилбекқызы кәсіподақтың басты күші – ұйымшылдық пен ортақ мүддеде екенін атап өтті. Ұжымның белсенділігі мен бірлескен әрекеті еңбек қатынастарындағы көптеген мәселелерді шешуге жол ашатынын жеткізді. Осы бағытта бастауыш ұйымдардың рөлі ерекше екені айтылды.
Шара соңында мектеп қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Әсіресе әлеуметтік кепілдіктер, еңбек жағдайы және құқықтық қолдау мәселелері кеңінен талқыланды. Ашық пікір алмасу кездесудің мазмұнын арттыра түсті.
Аталған кездесу ұжым мен кәсіподақ арасындағы байланысты нығайтып, алдағы жұмыстарға серпін берді. Мұндай іс-шаралар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін арттырып, бірлескен жұмыстың нәтижелі болуына ықпал ететіні сөзсіз.
-
Фотографии
-