ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Амангелді және Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы төрағасы Ж.Шайдуллаұлы қол қойды.
Тараптар ұжымдық шарттардың маңызына, ҚР Еңбек кодексі талаптарының сақталуына, еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының орындалуын күшейту бағытындағы бірлескен жұмыстың өзектілігіне тоқталды.
Ә.Амангелді өз сөзінде мемлекеттік еңбек инспекциясы мен кәсіподақ арасындағы өзара іс-қимыл еңбек дауларының алдын алуға, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Өз кезегінде Ж. Шайдуллаұлы білім және ғылым саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, ұжымдық шарттардың орындалуын бақылау және еңбек дауларының алдын алу бағытында Мемлекеттік еңбек инспекциясымен бірлескен жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.
Меморандум еңбек қатынастарын дамытуға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды құжат боларына сенім білдірді.
-
Фотографии
-