МАЗМҰНДЫ ШАРА
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Сарайшық: археологиялық зерттеуер, жаңа деректер, және тарихи пайым» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Ұлжан Ахметованың «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми жоба, бағдарламаларға қатысуы және олардың нәтижесі» (2020 – 2025 жж.), тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі археолог Марат Қасеновтың «Сарайшықтағы 2025 жылғы археологиялық қазба нәтижелері» және аталған ұжымның ғылыми қызметкерлері Айбек Тұрарұлының «Ғылыми жобалардағы далалық жұмыстардың нәтижелері», Жанар Диярованың «Сарайшық музей-қорығының халықаралық байланыстары және оның ғылыми зерттеулерге ықпалы», Амангелді Жұмабаевтың «Сарайшық аумағындағы зерттеулер», Жүніс Байғалиевтың «Сарайшық ақша сарайы және оның таралымы», Карина Каримованың «Сарайшықтағы табылған әйел әшекейлері» тақырыбындағы баяндамалары тындалды.
Сонымен қатар соңғы жылдары Сарайшық қаласында жүргізілген архелогиялық қазба жұмыстар барысында табылған жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды.
Басқосу барысында «Алтынордалық Қарағайлы, Ұшқан, Ащысай қалалары: тарихы және археологиясы. Ұжымдық монография. – Алматы: «Махамбет» халықаралық қор мекемесі, 2025. – 192 бет.» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Зерттеу қорытындылары жинақталған еңбекте Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық керуен сарайлар мен керуен жолында маңызды логистикалық орталықтар қызметі баяндалған. Табылған түрлі нысандар, жәдігерлер, остеологиялық және нумизматикалық материалдар өткен бай тарихымызды жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.
Атырау облыстық ұйымы
-
Фотографии
-