БАСТАУЫШ ҰЙЫМНЫҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИЫНЫ
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының жылдық есеп беру-сайлау жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
-Ұжымның жылдық есебі;
-Кәсіподақ төрағасын сайлау;
-Комитет құрамын толықтыру;
-Бақылау-тексеру комиссиясының құрамын сайлау;
-Басқа мәселелерді қарау.
Кәсіподақ төрағасы Қобланова Лаура Қобланқызы өз баяндамасында бір жыл ішінде атқарылған іс-шаралар мен жұмсалған қаржы туралы егжей-тегжейлі баяндады. Ұжым мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, комитет жұмысына жоғары баға берілді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша, Л.Қобланованың лауазымының жоғарылауына байланысты, төрағалық қызметін ұжым ашық сайлау арқылы Базарова Толқын Мұхтарқызына сеніп тапсырды. Кәсіподақ комитетінің құрамы жаңа мүшелермен толықтырылды. Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы жаңадан сайланды.
Кәсіподақ ұжымында жыл бойы өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқан пән бірлестіктерінің жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Зейнеткерлік жасқа толуларына байланысты кәсіподақ жұмысына өз үлестерін қосып, адал еңбектерімен оқушыларға үлгі бола білген қызметкерлерге алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар табысталды. Оқу жылында кәсіподақ қатарына жаңадан қосылған мүшелерге кәсіподақ билеттері салтанатты түрде берілді.
Жиын соңында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Е.Сайранов кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыру, мүшелердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік мәселелерді шешу жолында атқарылатын жұмыстарға баса назар аударды. Ұжым мүшелерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа бастамалар мен жобаларды қолдауға шақырды. Лаура Қобланқызының үлкен ұжымда өз ісін жақсы атқарғандығын атап өтіп, жаңа қызметінде де биіктерден көрінетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, жаңадан сайланған Толқын Мұхтарқызына жұмысында сәттілік тіледі.
Осылайша, «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының жоспарлы есеп беру, сайлау жиналысы жоғары деңгейде өтті. Ұжым алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге, кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыруға және ұжым мүшелерінің құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін көрсетті.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-