ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАРЛАР
Салалық кәсіподақтың Абай облыстық ұйымының төрағасы С.Ибраев және құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман Н.Абдулкаримова Курчатов қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Ұлықпанованың қатысуымен білім беру ұйымдарының басшылары мен кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына «Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестікте облыстық келісімнің рөлі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар мақсаты – еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестіктің, салалық және облыстық келісімдердің рөлін түсіндіру және талдау, сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы өзара қатынастарды реттеудің тиімді тетігі ретіндегі маңызын ашып көрсету.
Семинар аяғында белсенді әлеуметтік әріптестерге, білім беру ұйымдарының басшылары мен кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары табысталды.
Күннің екінші жартысында құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман Н.Абдулкаримова келісу комиссияларының мүшелеріне арналған «Білім беру ұйымдарында жеке еңбек дауларын қарау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында келісу комиссиясын құру, еңбек дауларының туындау себептері және оларды қарау тәртібі мәселелері қарастырылды.
Оқыту семинарының қорытындысы бойынша келісу комиссияларының мүшелеріне сертификаттар тапсырылды.
Абай облыстық ұйымы
-
Фотографии
-