АДАЛ ЕҢБЕК - АБЫРОЙ БИІГІ
Қосыбаева Мақсат Болатқызы 2000 жылдан бастап Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында кіші қамту қызметкері болып жұмыс істейді. Ұзақ жылдар бойғы еңбек жолында ол өзіне жүктелген міндеттерді адалдықпен, жоғары жауапкершілікпен және тиянақтылықпен орындап, білім беру мекемесінің тазалығы мен санитарлық-гигиеналық талаптарының қатаң сақталуына елеулі үлес қосып келеді.
Мақсат Болатқызы күнделікті жұмыс барысында ұқыптылығымен, еңбек тәртібін қатаң сақтауымен және өз ісіне деген жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ол мектеп аумағының таза әрі жинақы болуын қамтамасыз етіп, оқушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы, қауіпсіз орта қалыптастыруға тұрақты түрде атсалысады. Өз қызметіне немқұрайлы қарамай, берілген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауды басты қағидасы ретінде ұстанады.
Ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбегі, кәсіби жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттері мектеп-гимназия ұжымы тарапынан жоғары бағаланып келеді. Қосыбаева Мақсат Болатқызы өз қызметін шын ниетпен атқарып, білім ордасының тыныс-тіршілігіне тұрақты үлес қосып келе жатқан үлгілі қызметкер.
Қарағанды облыстық ұйымы