ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДЕ
Ағымдағы жылдың 3–5 ақпан аралығында Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Арал және Қазалы аудандарында орналасқан колледждер мен интернаттарда сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған жоспарлы қоғамдық бақылау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
ҚР Еңбек кодексінің 155 бабына сәйкес жұмыскерлердің еңбек заңнамасын сақталуына қоғамдық бақылау және түйіткілді мәселелернің шешілуіне ықпал ету.
Қоғамдық бақылау барысында сала қызметкерлері жалақы, еңбек демалысы, еңбек шарты, тәртіптік жаза, әлеуметтік төлемдер, аттестация, жұмыс жүктемесі және өзге де өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Ұжыммен кездесу барысында әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмайтынын, әр сауал заң аясында қаралатынын және кәсіподақ үшін әрбір мүшенің еңбек құқығы мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау – тек міндет қана емес, басты жауапкершілік екенін және біз сала қызметкерлерінің заңды мүддесін қорғауда әрдайым олардың жанындамыз», – деді облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Хамит Тарбахов.
Алдағы уақытта мұндай қоғамдық бақылаулар жүйелі түрде аудандарда жалғасын табатын болады.
-
Фотографии
-