ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ
Изтілеуова Жанар Базарханқызы - Түркістан облысы, Әйтеке би атындағы №26 жалпы білім беретін мектебінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі қызметін атқарып келе жатқанына 12 жылдың көлемі болды. Жанар Базарханқызы өзінің еңбек жолында еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен, жоғары жауапкершілігімен, кәсіби шеберлігімен және жаңашыл көзқарасымен көзге түсіп келеді.
Саналы ұрпаққа сапалы білім, үлгілі тәрбие беруде өзіндік сара жолын салуда. Тарих пәні мұғалімі ретінде 12 жылдық еңбек өтілінде талай шәкіртті білім биігіне жетелеп, олардың өмірден өз орнын табуына бағыт-бағдар берді. Кәсіби шеберлігі мен рухани болмысы үйлескен ардақты ұстаз – білім саласындағы нағыз көшбасшы тұлға. Ал, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ретінде қызметте 4 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Тәрбие саласында жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен және педагогикалық әдептілігімен ерекшеленеді. Тәрбие жұмысының жоспарын жүйелі түрде құрып, оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған іс-шараларды тиімді ұйымдастырады. Ол оқушылармен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен тығыз байланыс орнатып, тәрбие процесінің сапалы жүргізілуіне үлес қосады.
Қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдай біледі, ұжым арасында беделге ие. Жаңашыл идеяларға ашық, тәрбие жұмысында заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады. Өз ісіне адал, еңбекқор, талапшыл әрі адал маман. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, мектептің тәрбие бағытын дамытуға елеулі үлес қосып келеді.