КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНДА
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова мен салалық кәсіподақ өкілі Индира Сақауова кәсіподақтық оқытуды зерделеу мақсатында Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова ұйымдастырған «Білім беру ұйымдарындағы еңбек дауларын алдын алу және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы семинар-практикумға қатысты.
Семинар-практикумға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен білім қызметкерлері қатысты. Іс-шара аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, еңбек қатынастарында туындайтын мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін талқылады.
Іс-шара барысында облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова мен салалық кәсіподақ өкілі Индира Сақауова кәсіподақтық оқыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға практикалық-әдістемелік көмек көрсетті. Қатысушылар алдағы уақытта педагогтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған оқыту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Семинар қорытындысында Назгүл Сәбенова мұндай іс-шаралар еңбек қатынастарында туындайтын келіспеушіліктердің алдын алуға, сондай-ақ білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениетті арттыруға зор ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіподақтың басты міндеті – педагогтар мен білім саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау екеніне ерекше тоқталды.
-
Фотографии
-