КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күніне орай және сала қызметкерлерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық шараны Салалық кәсіподақтың Жетісу облыстық ұйымының Текелі қалалық филиалы өткізді. Жарысқа қала мектептерінің командалары қатысып, тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орынды - №1 орта мектеп командасы;
ІІ орынды - №4 орта мектеп командасы;
ІІІ орынды - №3 орта мектеп командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Текелі қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрлан Нүсіпбеков және Текелі қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы Асан Тұрсынғалиев құттықтап, дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар жарыс барысында «Үздік үйлестіруші», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.
Текелі қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы Асан Ақжолтайұлы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен №2 орта мектеп ұжымына алғысын білдірді.
Жетісу облысы, Текелі қаласы