ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ АРНАЛҒАН ӨМІР
Мұсаханова Ұлбала Ермаханқызы Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылында орналасқан С.Қожанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі, 37 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп жүрген, саналы ғұмырын білімге арнаған, мол тәжірибесімен де, адамгершілік келбетімен де көпке үлгі болып келе жатқан ардақты ұстаз. Ұлбала Ермаханқызы шәкірт жүрегінен орын алып, әріптестер арасында абыройлы құрметке бөленіп жүрген ұстаз.
Еңбек жолында талай шәкіртті білім биігіне жетелеп, олардың өмірден өз орнын табуына бағыт-бағдар берді. Жаңашыл көзқарасы, кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласының дамуына үлес қосты.
37 жылдан астам педагогикалық өтілі бар, кәсіби шеберлігі мен рухани болмысы үйлескен ардақты ұстаз – білім саласындағы нағыз көшбасшы тұлға. Қазақстан тарихы мен ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы еңбегі үшін республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі көптеген марапаттарға ие. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары мен дипломдары, облыстық және қалалық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
2007 жылдың тамызында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, одан кейін 2013 жылдың қазан айынан 2025 жылдың қыркүйегіне дейін мектеп директоры болды. Менеджерлік біліктілігін арттырып, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдары арқылы білім саласына үлес қосты. Түркістан облысының Түлкібас, Шардара аудандарында тәжірибесімен бөлісіп, педагогикалық қауымдастықта өз ісімен танылды.
2021-2024 жылдар аралығында Кентау қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, 2020 жылдан бастап «Байылдыр» бастауыш партия ұйымының төрайымы, сондай-ақ Байылдыр ауылының Аналар кеңесінің төрайымы қызметтерін атқарып жүр. Сонымен қатар, Кентау қалалық мәслихатының VII шақырылым, VII шақырылым депутаты.
Отбасылы, 2 ұл, 2 қыз және 9 немере өсіріп отырған көпбалалы ана. Отбасының жылулықтары әрдайым алға жетелеп, шәкірттеріне тәрбие беруде шабыттандырып келеді. Ұлбала Ермаханқызы үшін білім беру – әдемі миссия, ал ұстаздық жол – болашақ ұрпақтың қалыптасуына қосқан үлесі.