ЖАС ҰСТАЗДАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің бастамасымен жас ұстаздардың шығармашылық әлеуетін ашуға, жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану дағдыларын дамытуға және заманауи педагог бейнесін қалыптастыруға бағытталған «Жас ұстаз – заманауи көзқарас – жасанды интеллект» сайысы өтті. Бұл іс-шара командалық бірлік пен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік берді.
Сайыс барысында қатысушылар AI мүмкіндіктерін білім беру саласында қолдануды насихаттап, сахналық мәдениеттерін және креативті ойлау қабілеттерін дамытуға тырысып, тәжірибе алмасу мен кәсіби өсуге арналған жаңа алаң құрды.
Жеңімпаздар қатарында I орынды “Nomad” командасы, II орынды “Ideal” командасы және III орынды “Kazakstayl” командасы иеленді. «Үздік AI қолдану» номинациясы “Argumaq” тобына берілді. Жеңімпаздар аудандық кәсіподақ ұйымының тарихи-танымдық саяхат жолдамасына ие болды.
Сайыс қатысушыларға тәжірибе алмасу мен кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашып, жас ұстаздардың білім беру саласында инновациялық әдістерді қолдануына серпін берді.