ПЕДАГОГТАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ
Ақтөбеде Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Заманауи сабақ: әдіс-тәсіл, нәтиже» тақырыбында жас мамандардың аудандық байқау өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жас мұғалімдердің заманауи сабақтарды жоспарлау мен тиімді оқыту әдістерін қолданудағы, сондай-ақ нәтижеге бағытталған оқытуды ұйымдастырудағы кәсіби дағдыларын дамыту.
Байқау барысында қатысушылар сабақ құрылымын талапқа сай құрып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған заманауи әдістерді қолдану арқылы кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен И.Құрманов атындағы орта мектептің мұғалімі Айзере Тельманова І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. ІІ орын Бестау мектебінің мұғалімі Айжамад Сағындықова мен Қобда қазақ орта мектебінің мұғалімі Рима Жолдаспаеваға берілді, ал ІІІ орынды Жарық мектебінің мұғалімдері Динара Тауекелова мен Жаннұр Нұрмұқанбет иеленді. Бірқатар жас мамандарға алғыс хаттар табысталды.
Байқау нәтижесінде үздік деп танылған қатысушыларға аудандық білім бөлімнің алғыс хаты мен кәсіподақ ұйымының арнайы сыйлықтары берілді.
Айта кетейік, аталмыш шара Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің жоспарына сәйкес өткізілді.
-
Фотографии
-