ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кеңес тобының төрағасы, мүшелер құрамымен және әлеуметтік әріптес ретінде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Қарақия аудандық филиалының төрайымы М.Б.Каржаубаеваның қатысуымен Болашақ ауылы, №10 жалпы білім беретін мектепте кезекті көшпелі педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Отырыста I тоқсанның қорытындысы қаралды. Әр пән мұғалімі тоқсандық нәтижелерімен бөлісіп, білім сапасының динамикасы бойынша талдау жасалып, алдағы тоқсанда атқарылатын міндеттер айқындалды.
Жиында сонымен қатар олимпиада мен ғылыми жоба жұмыстарының соңғы 3 жылдағы сараптамасы, оқушылардың пәндік жарыстарға қатысу белсенділігі, жеткен жетістіктері мен даму бағыттары талданды.
Жиын барысында оқу үдерісіне қатысты маңызды мәселелер талқыланып, мұғалімдер мен бөлім басшылығы арасында ашық диалог орнады.
Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық филиалы