ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҚЫСҚЫ ТИМБИЛДИНГ
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі қысқы тимбилдинг – бұл жалықтырған жұмыс чаттарының орнына адамдармен тілдесу, төрт қабырғаның орнына таза ауа, ал «әріптестердің» бір сәтте бір-біріне сенетін нағыз командаға айналған кез
Мұнда бәрі болды: өмірге толы қозғалыс, жарқын күлкі және толықтай сергіту. Бағдарламада: жігерлендіретін белсенді ойындар, бірлікті нығайтатын командалық эстафеталар миға шабуыл жасайтын ойын және зияткерлік тапсырмалар естен кетпес күлкі, қалжың әрі әсерлі сәттер.
Іс-шара барысында бастауыш кәсіподақ ұйымы қатысушыларға арнап ыстық тамақ ұйымдастырып, ерекше сыйлықтар дайындады, бұл командалық рухты одан әрі асқақтатты.
Бұл сапар жарысу үшін емес, өзара қолдау, сенім және «біз біргеміз» деген мызғымас сезімді нығайту үшін. Кейде тоқтап, дем алып, жұмыс әлемінен тыс уақытты бір команда болып бірге өткізудің қаншалықты маңызды екенін еске салатын күн.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйым
-
Фотографии
-