АҚСУАТТА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Абай облысының Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінде бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен Кәсіподақтар федерациясының Конституциялық реформаны қолдау жөніндегі Үндеуіне үн қосу және жаңа Конституцияның жобасын талдап –талқылау бойынша жиын өтті.
М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, атқару комитетінің мүшесі А.Семжанова Конституцияның жаңа жобасындағы өзгерістер бойынша сөйледі.
Ақсуат аудандық комитетінің кәсіподақ мүшелері Үндеуге үн қоса отырып, жаңа Конституцияны алдағы уақытта еңбек заңнамасын жақсарту, әлеуметтік әріптестікті дамыту және лайықты еңбек кепілдіктерін нығайту негізі ретінде қарастыратындықтарын жеткізіп, өз пікірлерін ортаға салды.
Ақсуат аудандық кәсіподақ комитеті
-
Фотографии
-