ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...
Ибраева Гүлжазира Қайырбекқызы Қарағанды қаласы, «№14 мектеп-гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылында дүниеге келген.
Ұстаздық қызметті өмірлік миссиясы деп қабылдап, мамандықты саналы түрде таңдаған жан. Ол үшін ұстаздықтың мәні – тек сапалы білім беру емес, оқушының тұлғалық дамуына, рухани және адамгершілік қалыптасуына ықпал ету.
Еңбек жолын 2010 жылы Ақжол ауылының Әлібек Бүркітбаев атындағы №12 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Алғашқы еңбек күндерінен бастап әрбір оқушының қабілетін ашу, олардың өзіне деген сенімін арттыруды басты мақсат етіп келеді. Педагогикалық қызметінде заманауи әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдана отырып, оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға, әдеби шығармаларды талдау, өз ойын сауатты әрі дәл жеткізе білу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы бағыттағы еңбектің нәтижесінде оның оқушылары түрлі деңгейдегі білім сайыстары мен шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтқанда, оқушылары Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауында «Эссе» номинациясы бойынша І орын (2024 ж), республикалық «Лучший научный проект» байқауында І орын (2024 ж), «Сарыарқа дарыны» 53, 54 «Шағын ғылыми академиясы» жобалар байқауы мадақтамаларына (2023–2024 жж) ие болды.
Сонымен қатар, «Страница-24» мәнерлеп оқу чемпионатында ІІІ орын (2023 ж), ІІ орын (2024 ж), «Грамотей-2024, 2025» қалалық диктанттар байқауында ІІ орын (2024 ж), ІІ және ІІІ орындар (2025 ж), республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінде І орын (2023 ж), ІІ және ІІІ орындар (2024 ж), ІІІ орын (2025 ж), халықаралық және республикалық қашықтық олимпиадалар мен конкурстарда І–ІІ орындарды иеленді.
«Живая классика» мәнерлеп оқу байқауында ІІ орын (2023 ж, 2025 ж), «Бастау» республикалық олимпиадасында І орын (2025 ж), «Ақбота» зияткерлік сайысында ІІ орын (2025 ж), «Әдеби шеберхана: ересектер мен балаларға арналған жаңа ертегілер» қалалық шығармашылық байқауында «Ертегілік тәжірибе: жаңа тұрғыдағы ескі ертегілер» номинациясы бойынша ІІ орын (2025 ж), «Эрудит» интеллектуалдық білім сайтының пәндік олимпиадасында І орын (2024 ж), «Мақатаев оқулары» байқауында І орын (2024 ж) жеңіп алды.
Кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында әдістемелік семинарлар мен тренингтерге тұрақты түрде қатысып келеді. Ашық сабақтар өткізіп, оқу-әдістемелік материалдарын республикалық білім беру платформаларында (Bilim joly, uchitelya.kz) жариялаған. Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби байқауларға қатысып, бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Олардың қатарында Қарқаралы ауданы әкімінің сыйлығына арналған «Үздік педагог» байқауында «Үздік тіл маманы» номинациясы, «Жыл мұғалімі – 2025» байқауының қалалық кезеңі бойынша І орын иегері, Республикалық «Үздік қысқа мерзімді сабақ жоспары» байқауында І орын (2023 ж), республикалық «Эссе жазу» байқауында І орын (2023 ж), «Жаңашыл ұстаз», «Жылдың үздік авторы – 2023» республикалық шығармашылық байқауларының жеңімпазы атанды.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ ұйымдастырған шебер сыныптарға, халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарларға, «ХХІ ғасыр ұстазы» біліктілікті арттыру семинар-тренингтеріне қатысып, сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды. «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасында ІІІ орын (2024 ж), І орын (2025 ж) иеленді. Облыстық әдістемелік семинарда «Инновационные методы и приемы на уроках русского языка и литературы» тақырыбында шебер сабақ өткізді. Республикалық 15 пәндік білім олимпиадасы қалалық кезеңінің орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша сараптама кеңесінің мүшесі, «Комплексный анализ текста как один из способов формирования текстовой компетенции» бағдарламасының авторы, мектепте орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, облыстық «Оқу шаттығы» жобасы аясындағы шығармашылық топтың мүшесі.
Педагог үшін кәсіби даму мен тұлғалық жетілу өзара тығыз байланысты деп санайтын, мектептен тыс уақытта шығармашылықпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанатын, ән айту мен спортты серік еткен үлгілі тұлға ретінде білеміз. Бұл оның рухани және физикалық белсенділігін арттырып, педагогикалық қызметінде шығармашылық шабытты сақтауға ықпал етеді деген ойдамыз. Сонымен қатар, ол – төрт баланың анасы, жиендеріне әже ретінде тәлім-тәрбие беріп келеді. Ана мен ұстаз ретіндегі өмірлік тәжірибесі оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін терең түсінуге, олармен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, Гүлжазира Қайырбекқызының педагогикалық қызметтегі басты мақсаты – адал еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және адамгершілік қасиеттерімен оқушыға үлгі бола алатын ұстаз дей аламыз. Алдағы уақытта да білім беру саласында ізденісін жалғастырып, оқушылардың жетістігі арқылы ел болашағына өз үлесін қоса бермек.