АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ
Қағазбаев Бауыржан Ғайноллаұлы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Аппаз ауылының Р.Сағымбеков атындағы №18 жалпы білім беретін мектебінде 2006 жылдан бері ғимарат жөндеуші болып еңбек етуде. Мектепте жиырма жылға жуық адал қызмет етіп келе жатқан бір тоға, көп іске жауапты нағыз бесаспап маман.
Көзге аса көріне бермейтін, алайда аса маңызды қызметті мінсіз орындап, өз ісіне деген адал жауапкершілігімен ерекшеленетін тұлға. Кез келген ақауға дер кезінде жауап беріп мектептің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуші майталман маман.
Қазіргі таңда ардақты әке, аяулы жар, төрт баланың әкесі. Жұмысында ұқыптылық пен жауапкершілікті қатар алып жүрсе, отбасында талапшылдық пен мейірімнің өнеге-үлгісін көрсетіп келеді. Бауыржан Ғайноллаұлының еңбекқорлығы , сабырлылығы көшілікке үлгі боларлық еңбек адамының айқын үлгісі.