АКЦИЯ АЯСЫНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Манат Пазилбекқызы Кентау оқушылар үйінің кіші қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – еңбек ұжымымен ашық диалог орнатып, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау болды.
Кездесу барысында жалақы төлеу тәртібі, демалысқа шығу және демалыс ақысының есептелуі бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кіші қызметкерлерді толғандырған өзекті мәселелер қозғалып, қолданыстағы заңнама аясында нақты ақпараттар берілді.
Сонымен қатар қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға Манат Пазилбекқызы толық әрі нақты жауап беріп, әрбір мәселе назарға алынды. Кәсіподақ комитетінің қызметі, мүшелерге көрсетілетін қолдау мен кеңес беру жұмыстары туралы да мәліметтер ұсынылды.
Кездесу өзара түсіністік пен сенімге негізделген жылы атмосферада өтті. Мұндай кездесулер еңбек ұжымымен байланысты нығайтып, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіподақтың рөлін күшейтуге ықпал етеді.
-
Фотографии
-