«ПЕДАГОГ ЖӘНЕ ЗАҢ» АҚПАРАТТЫҚ САҒАТЫ
Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің заңгері Жұбатқанов Ербол Жүнісұлы қатысуымен №5 «Шаттық» мектепке дейінгі ұйымы меңгеруші Зафура Ерназарованың ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерімен «Педагог және Заң» тақырыбында ақпаратттық сағат өткізілді.
Кездесуде еңбекақы төлеуге және Ұжымдық шарттың ережелерін орындауға қатысты өзекті мәселелер қаралды (жыл сайынғы еңбек және әлеуметтік демалыстар, қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары және еңбекақының жоғары мөлшеріне, қоса атқарылған жұмыс кезінде, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын беру қағидалары және т.б.). Қызметкерлерге білім беру саласына қатысты нормативтік – құқықтық актілерге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.
Жеке тақырып еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың материалдарын тергеу және есепке алу, ресімдеу бойынша түсіндіру болды:
ұйымда еңбек функцияларын орындау кезіндегі жұмыс беруші мен қызметкердің жауапкершілігі (комиссияның кінә дәрежесін, пайызбен айқындалады);
Жазатайым оқиғалардың себептерін жою және ұйымдарда кейінгі оқиғалардың қайта туындауының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы;
Жұмыс берушінің жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормасын орындау міндеті туралы.
Ұйымдардың келісу комиссияларында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек дауларын қарау туралы.
-
Фотографии
-