БІЛІМ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ САҚШЫСЫ
Жонкина Райгүл Жұмагелдіқызы Қарағанды қаласындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында 2007 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі болып еңбек етіп келеді. Еңбек жолында өзіне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен және үлкен ұқыптылықпен орындап жүрген тәжірибелі маман.
Ол кітапхана қорын жүйелеу, толықтыру және сақталуын қамтамасыз ету бағытында нәтижелі еңбек етіп келеді.
Қызмет барысында оқырмандарға сапалы қызмет көрсетіп, кітапхана жұмысын заман талабына сай ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар, кітап көрмелері мен тақырыптық кездесулер ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, кітап қорын тіркеу, есепке алу және электронды жүйемен жұмыс істеу жұмыстарын да тиянақты жүргізеді.
Райгүл Жұмагелдіқызы өз ісіне жауапты, ізденімпаз және жаңашыл маман ретінде ұжым арасында сый-құрметке ие. Әріптестерімен қарым-қатынасы жақсы, ортақ іске белсенді атсалысады, тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын. Оқушылар мен ұстаздар тарапынан сенімге ие болып, кітапхана жұмысының тиімді әрі жүйелі жүруіне зор үлес қосып келеді.