АБЫРОЙ БИІГІ – АДАЛ ЕҢБЕК
Ғалия Төлеутайқызы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы мекенінде 31-ші желтоқсан 1969 жылы дүниеге келген. Ғалия Төлеутайқызы «Балдырған» бөбекжайында 20025 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қоғамда адал еңбегімен, жауапкершілігімен және адамгершілігімен үлгі бола алатын жандар аз емес. Солардың бірі – Ғалия Төлеутайқызы. Ол - өз ісіне шын берілген, еңбекке құрметпен қарайтын, айналасына өнеге бола білетін жан. Ғалия Төлеутайқызы еңбек жолында тиянақтылық пен табандылықты басты қағида етіп ұстанады.
Қандай істі қолға алса да, оны сапалы әрі жауапкершілікпен атқарады. Оның сүйіспеншілігі мен іскерлігі көпшілікке үлгі. Әріптестері мен айналасындағы жандар оның адамгершілігін, сабырлылығын және еңбекке деген адал көзқарасын жоғары бағалайды. Еңбек адамы үшін басты марапат – атқарған жұмысының нәтижесімен елдің алғысы. Осы тұрғыда Ғалия Төлеутайқызының еңбегі зор құрметке лайық. Ол өз еібегі арқылы қоғамға пайдасын тигізіп, жас ұрпаққа еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің маңызын көрсетіп келеді.
Ғалия Төлеутайқызының маңдай терімен атқарған адал еңбегі әрдайым бағаланып, құрметке ие бола берсін.