ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Ұстаз – ұрпақ санасына білім мен тәрбие дәнін сеуіп, болашаққа бағыт-бағдар беретін қадірлі маман. Иманғазина Амандық Сағындыққызы 1984 жылы 12 мамырда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Көктөбе ауылында дүниеге келген. 2003–2007 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде білім алған.
Еңбек жолын Мұғалжар ауданындағы Көтібар батыр мектебінде тәлімгер болып бастап, 2006 жылы Елек негізгі мектебінде психолог қызметін атқарды. 2014 жылдан бері «Самал» бөбекжай-бақшасында психолог болып жұмыс істеп келеді. Осы мекемеде он екі жылдан астам уақыт үздіксіз қызмет атқарып, мол тәжірибе жинақтады.
Амандық Иманғазина оқу-тәрбие жұмысын талапқа сай ұйымдастырып, балалардың жан-жақты дамуына, тәртіп пен өзара сыйластықты қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Жауапкершілігі жоғары, өз ісіне адал, ұжымда және ата-аналар арасында сыйлы маман.
2019 жылы Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2024 жылы «Педагог-сарапшы» біліктілік санатын алды. 2025 жылы «Ең үздік тренинг» байқауынан ІІ орын, «Ең үздік авторлық бағдарлама» бойынша ІІ дәрежелі диплом иеленіп, облыстық әдістемелік орталықтың Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ «Ерекше балалар – ерекше назар» жобасы аясында Алғыс хатпен марапатталды және «Білікті ұстаз» республикалық олимпиадасында І орын алды. 2026 жылы «Білім айнасы» республикалық «Жас суретшілер» байқауында ІІ орын иеленді.
Ол – кәсіби шеберлігімен танылған, шығармашыл әрі білікті ұстаз.
-
Фотографии
-