ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ЖАН
Әлібекова Жаңагүл Қыдыргелдіқызы 2011 жылдан бастап Қарағанды қаласындағы, Қазыбек би ауданына қарасты «Гауһар» бөбекжайында есепші болып қызмет атқарады. Еңбек жолында өзіне жүктелген міндеттерді адалдықпен әрі жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін, аса жауапты да құрметті маман.
Жаңагүл Қыдыргелдіқызы әрбір санға мұқият қарап, дәлдік пен тәртіпті бірінші орынға қояды. Ұқыптылығы, сабырлылығы және адалдығы арқылы ол әріптестерінің сеніміне ие болады.
Жаңагүл Қыдыргелдіқызы тек қаржы маманы ғана емес, ол тұрақтылықтың, тәртіп пен сенімділіктің кепілі. Оның еңбегі әрдайым құрметке лайық.