ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА МІНДЕТ
Қоғамның тұрақты дамуы мен күнделікті тыныс-тіршілігінің үздіксіз жүруі қарапайым еңбек адамдарының маңдай терімен тікелей байланысты. Солардың бірі – Сыздықов Айкен Шәкірбекұлы - ғимараттарға қызмет көрсететін жұмысшы. Айкен Шакірбекұлы «Батыр» санаторлық бөбекжайында 2015 жылдан бастап осы салада табанды еңбек етіп келеді. Ол өзіне жүктелген міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарып, ғимараттардың қауіпсіз әрі таза жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Оның күнделікті жұмысы көзге бірден көрінбегенімен, мекеменің қалыпты жұмыс істеуінде айрықша маңызға ие.
Еңбек жолында Айкен Шәкірбекұлы ұқыптылығымен, тиянақтылығымен және адалдығымен ерекшеленеді. Ол әрдайым жұмыс орнына уақытында келіп, тапсырмаларды сапалы әрі мұқият орындайды. Қандай жағдай болмасын, өз ісіне немқұрайлы қарамай, мәселені дер кезінде шешуге тырысады.
Ұжым арасында сыйлы, әріптестеріне көмек көрсетуге дайын, қарапайым мінезімен танылған еңбек иесі – жас мамандарға да үлгі. Оның еңбегі – нағыз маңдай термен келген адал қызметтің көрінісі.
Осындай еңбек адамдарын құрметтеу – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Сыздыков Айкен Шәкірбекұлының еңбегі еленіп, бағалануға әбден лайық. Ол – ел дамуына өз үлесін қосып жүрген қарапайым, бірақ қадірлі еңбек адамы.