ТҮПҚАРАҒАНДА КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТТІ
9 ақпан күні Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының, Форт-Шевченко қаласындағы Жалау Мыңбаев атындағы және Есбол Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектептерінде келісу комиссиясы мүшелері мен кәсіподақ мүшелеріне арналған «Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар спикерлері: Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық қызметтер жөніндегі мамандары Р.Сүлейменов және С.Умарбаев Келісу комиссиясының негізгі міндеттері, еңбек дауларын қарау тәртібі, өтініштерді қабылдау және тіркеу рәсімі, шешім қабылдау мерзімдері мен тәртібі жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, комиссия мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, дауларды қарау кезінде бейтараптық пен заңдылық қағидаттарын сақтау қажеттілігі атап өтілді. Қатысушыларға еңбек дауларын сотқа дейін реттеудің маңыздылығы және келісу комиссиясының шешімдерінің орындалу тәртібі жөнінде ақпарат берілді. Түсіндірме жұмысы барысында қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, практикалық мысалдар арқылы заң нормалары талқыланды.
Шара келісу комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек дауларын тиімді әрі заң талаптарына сай қарауға бағытталды.
Маңғыстау облысыв, Түпқараған ауданы филиалы
-
Фотографии
-