КӘСІПОДАҚ ЖИНАЛЫСЫ: ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ЖАҢА БАСШЫЛЫҚ
Зайсан ауданындағы «М. Дәуленов атындағы мектеп-интернат» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Жиынға аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қ.Е. Сайранов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы М. Мұратқызы және бас бухгалтер К. Мусина қатысты.
Ұйымда 170 мүше бар. Жиналысты көп жылдар бойы кәсіподақты басқарған Сауле Жұмабекқызы Серікбаева жүргізді. Күн тәртібінде ұжымдық келісімшарт бойынша кепілдіктер мен жеңілдіктерді іске асыру туралы есеп талқыланды.
С.Ж. Серікбаева өткен жылғы жұмыстың қорытындысын жасап, ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістерді, мүшелердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты баяндады. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы іс-шаралар аталып өтілді. Кәсіподақтың жылдық есебі оң бағаланып, аудандағы жетекші ұйым ретіндегі мәртебесі расталды. Жаңа мүшелер қатарына жас мұғалімдер мен көмекші қызметкерлер қабылданды.
Мектеп директоры Д.Ерзин кәсіподақтың жұмысына ризашылығын білдірді. К.Е. Сайранов еңбек заңнамасындағы жаңалықтар бойынша кеңестер беріп, ұйымның болашақ рөлін атап өтті. М. Мұратқызы С.Ж. Серікбаеваның еңбекқорлығы мен жауапкершілігін жоғары бағалады. Кәсіподақ мүшесі Н. Оспанбаева С.Ж. Серікбаеваның ұйымдастырушылық қабілетін ерекше атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кәсіподақ төрағасы Бақытжан Меруерт Тұрысбекқызы және комитет мүшелері бірауыздан сайланды. Жаңа комитет мүшелердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және кәсіби құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады. Жиын соңында С.Ж. Серікбаева облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
#ШҚОбілімкәсіподағы
-
Фотографии
-