КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп кеңестері төрағаларының қатысуымен «Білім беру саласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адам құқықтарын қорғауда педагогикалық әдеп кеңесінің рөлі» тақырыбында мазмұнды жиын өтті.
Шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Баймұратұлы Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатысып, білім сапасын арттыру ең алдымен педагогтердің құқықтарын қорғау мен құқықтық мәдениетті жүйелі түрде қалыптастырудан басталатынын атап өтті.
Күн тәртібінде:
▪ педагогтердің құқықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету тетіктері;
▪ педагог мәртебесінің заңмен бекітілуі және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары;
▪ құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар қаралды.
Жиын барысында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлы сөз алып, педагогтердің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы кәсіподақ жұмысының маңыздылығына тоқталды. Ол білім саласындағы әрбір маманның құқығы мен заңды мүддесін қорғау – ортақ міндет екенін жеткізді.
Жиналыста педагогтердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті нығайту мәселелері бойынша баяндама жасалды. Себебі білім беру жүйесіндегі сапаны қамтамасыз ету – құқықтық сауаттылық пен жауапкершілікті арттырудан бастау алады.
Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, бірқатар ұсыныстарын білдіріп, құқықтық мәдениетті одан әрі жетілдіру бойынша нақты қадамдарды айқындады.
-
Фотографии
-