МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ
Түркістан облыстық ұйымы төрағасы Жандос Шайдуллаұлының қатысуымен ұйым аппараты және аудандық ұйым төрағаларының қатысуымен онлайн форматта маңызды жиналыс өтті. Кездесу Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Жиналыстың негізгі мақсаты – референдумның маңызын түсіндіру және жаңа Конституцияның ел болашағындағы рөлін талқылау болды.
Жиналыс барысында:
✅ Референдумның тарихи маңызы мен саяси мәні айтылды;
✅ Жаңа Конституцияның қоғам дамуына ықпалы талқыланды;
✅ Азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері көтерілді;
✅ Аудандық ұйым төрағаларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жандос Шайдуллаұлы өз сөзінде жаңа Конституция — Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті ⚖️ Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымдарының қоғамдағы тұрақтылық пен қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы рөліне ерекше тоқталды.
Жиналыс қорытындысында алдағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспары айқындалып, түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.
-
Фотографии
-