ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ ҰЙЫМҒА ҚОЛДАУ
«Қалың қалай, бастауыш» жобасы аясында Ақтөбеде Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлнар Байменшина ауданға қарасты бірқатар жалпы орта білім беру ұйымдарында болды.
Білім беру мекемелеріндегі кездесулер барысында төраға ұжыммен жүздесіп, кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстары туралы кеңінен баяндады. Жылдық есепте әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек құқықтарын қорғау, сауықтыру шаралары мен мәдени-көпшілік іс-шаралардың ұйымдастырылуы секілді бағыттар қамтылды.
Кездесу барысында ұстаздар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, көкейдегі сауалдарын жолдады. Гүлнар Байменшина әрбір мәселеге назар аударып, заң аясында түсіндірме беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетіліп, құжаттардың жүргізілу тәртібі мен қоғамдық бақылау бағытындағы жұмыстар зерделенді.
Айта кетейік, бұл шаралар кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттырып, ұйым жұмысын жүйелеуге мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер білім саласы қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын күшейтіп қана қоймай, кәсіподақ пен ұжым арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.
-
Фотографии
-