ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ
Ақтөбеде Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Мұрат Жамаладиннің кәсіподақ мүшелерімен кездесулері жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұған дейін «Қалың қалай, бастауыш?» жобасы аясында бірқатар білім беру ұйымдарын аралаған төраға бұл жолы да бірнеше мекемеге арнайы барып, әдістемелік қолдау көрсетті.
Аудандық кәсіподақ төрағасы Мұрат Жамаладин іс-шара барысында Сағыз орта мектебі, «Ноғайты» бөбекжай-балабақшасы, «Жарлы» бөбекжай-балабақшасы, Байғанин орта мектебі және Қосарал негізгі мектебі ұжымдарымен кездесті. Ұжым мүшелерімен өткен ашық пікір алмасу барысында көкейдегі сауалдарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Бұл өз кезегінде кәсіподақ ұйымы мен білім беру мекемелері арасындағы өзара байланысты нығайтып, ортақ міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кездесуден соң бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы құжаттамалардың жүргізілуі, мүшелердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы және ұжымдық шарттардың орындалу мәселелері қаралып, әдістемелік көмек берілді. Сонымен қатар еңбек заңнамасының сақталуы, педагогтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
-
Фотографии
-