ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағында Кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына облыстық Атқару комитетінің мүшелері қатысты.
Отырысты облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Қоңырбаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібіне келесі маңызды мәселелер енгізілді:
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының конституциялық реформаны қолдау жөніндегі Үндеуі туралы.
Жаһандық даму: кәсіподақ қызметін цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелері туралы.
Облыстық кәсіподақтың 2025 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы.
2025 жылғы кәсіподақ мүшелігі және кәсіподақ органдары туралы жиынтық статистикалық есептіліктің қорытындылары туралы.
Педагогтерді жеңілдіктермен және кепілдіктермен қамтамасыз ету бөлігінде «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының ережелерін іске асыру жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы.
Отырыста Кеңес және Атқару комитетінің мүшелері аталған мәселелерді жан-жақты талқылап, кәсіподақ қызметін одан әрі жетілдіру, әлеуметтік әріптестікті нығайту, мүшелердің құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау бағытында нақты ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәлеталиннің және Қарағанды және Ұлытау облыстарының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Болат Жұмабековтің конституциялық реформаны қолдау жөніндегі Үндеуі бейнеролик форматында көрсетілді.
Ұлытау облыстық кәсіподақ қозғалысының белсенділері Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаны қолдайтындықтарын білдіріп, алдағы республикалық референдумға белсенді түрде қатысатындықтарын жеткізді.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша барлық мәселелерге қатысты тиісті қаулылар қабылданып, нақты міндеттер айқындалды. Алдағы кезеңде кәсіподақ жұмысы цифрландыру, құқықтық қорғау тетіктерін күшейту және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жалғасатын болады.
-
Фотографии
-