ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ?
«Қалың қалай, бастауыш?» жобасы аясында Ақтөбенің Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы төрағасы Қасымхан Әбенов аудандағы бірқатар жалпы білім беру ұйымдарын аралап, педагогикалық ұжымдармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылдық есептері тыңдалып, атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды. Ұжым мүшелеріне кәсіподақ тарапынан көрсетілген құқықтық қолдау, әлеуметтік көмек, сауықтыру шаралары мен түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралардың нәтижелері баяндалды. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған жоспарлар ортаға салынып, нақты міндеттер айқындалды.
Басқосу барысында еңбек заңнамасының сақталуы, ұжымдық шарттардың орындалуы, педагогтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері кеңінен талқыланды. Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту және кәсіби дамуына қолдау көрсету мәселелері назардан тыс қалмады.
Кездесу ашық форматта өтіп, ұжым мүшелері өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сала мамандары толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
Жоба аясындағы кездесулер білім беру ұйымдары мен кәсіподақ арасындағы байланысты күшейтіп, ортақ мақсат жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңызын тағы бір мәрте айқындады. «Қалың қалай, бастауыш?» бастамасы алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұстаздардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған нақты істермен толыға бермек…
-
Фотографии
-