АҒА БУЫН ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ БАСҚОСУ
Берекелі Рамазан – жүректерге нұр құйып, жан дүниені тазартып, мейірім мен сабырды ұлықтайтын ерекше ай. Биыл да осы қасиетті кезеңде игі дәстүр жалғасын тауып, аға буын ұстаздарға арналған тағылымды басқосу ұйымдастырылды.
Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Бар ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнап, білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек еткен ардагерлерге ілтипат білдіру – кейінгі ұрпақтың перзенттік парызы. Осы орайда Қызылорда облыстық Білім басқармасы мен Білім кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен ауызашар кеші рухани үндестікке, шынайы құрмет пен ыстық ықыласқа толы болды.
Жиын барысында ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан қадірлі жандарға алғыс айтылып, ақ тілектер арналып, ұлағатты әңгімелер өрбіді. Бір дастарқан басында бас қосу – тек ауыз ашу ғана емес, жүректерді жақындататын, ұрпақтар сабақтастығын бекемдейтін, сыйластықты арттыратын мәні терең кездесу екені анық.
Қасиетті айда жасалған әрбір игі іс – сауапқа толы қадам. Осындай тағылымды шаралар қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді асыл құндылықтарды дәріптей береді деп сенеміз.
Рамазан айының шапағаты әр шаңыраққа құт-береке әкелсін! Жүректерге тыныштық, отбасыларыңызға амандық, ел-жұртымызға татулық тілейміз.
Ораза қабыл болсын!