ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға еңбек заңнамасымен және нормативтік-құқықтық актілермен қызметкерлерге салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау жөніндегі Ұжымдық шарттың талаптарын орындау міндеттері айқындалған.
Еңбекті қорғау жөніндегі қалалық Келісімнің №10 қосымшасына сәйкес техникалық инспекторлар білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуде.
3 наурыз күні Қызылорда қаласының білім беру мекемелерінің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларына арналған жоспарлы семинар өткізілді.
Аталған семинарда білім қызметлерінің қалалық кәсіподақ комитетінің заңгері Жұбатқанов Ербол Жүнісұлы еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу және тергеу тәртібін түсіндірді, бұл еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар үшін ең өзекті тақырып болып табылатына тоқталды. Сондай-ақ, семинарда еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор Сартай Ерсайын Бақтыбайұлы ("Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор"республикалық байқауының жүлдегері) сөз сөйлеп, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қорғау бойынша өзінің озық жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
-
Фотографии
-