КӘСІПОДАҚТЫҢ МЕРЕКЕЛІК СЫЙЫ
Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық дәстүрімізді сабақтастыра отырып, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК-да, әдеттегідей, қызметкерлердің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Даутова мен студенттер кәсіподағының төрағасы С.Айтбаеваның ұйымдастыруымен айшықты мереке өтті.
Оқытушылардың сүйіспеншілікпен дайындаған Наурыз көжесі мен майда бауырсақтары ұстаздар қауымына, қызметкерлерге және білім алушыларға мерекелік сый ретінде тегін таратылды.
Береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың киеліне айналған дәмдерден ауыз тиген жандардың мерекелік көңіл-күйі асқақтап, жиналғандардың барлығы да ерекше мерекелік атмосфераны сезінді.
Бұл ізгі шара халқымыздың қонақжайлылығы мен кеңпейілділігінің айқын көрінісі болып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің жарқын үлгісін көрсетті.
Мазмұны терең, мәні зор мұндай мерекені ұйымдастыруға ат салысқан бастауыш кәсіподақ ұйымдарына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-