КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТЕГІН ЖОЛДАМАМЕН ДЕМАЛУДА
Білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік мәселелерін шешу, жұмыс беруші – әлеуметтік әріптестермен тығыз ынтымақты байланыста болуды мақсат еткен «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі соңғы 4 жылдан бері аймақтың білім беру ұяларында еңбек етуші қарапайым тезникалық қызметкерлердің денсаулықтарын түзеу, емдеу-сауықтыру мақсатында «Атырау» шипажайында тегін демалдыруға жан-жақты жағдай жасап келеді. Кәсіподақ тарапынан бұл игі дәстүр биыл да жалғасын тауып, 50 техникалық қызметкерге жеті күндік демалысқа тегін жолдама бөлді.
Бүгін Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі қарсаңында қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аққали Ахмет «Атырау» шипажайына тегін жолдамаға ие болған өңірдің жоғары және арнаулы орта білім беретін университет, колледждерде, мектептер мен балабақшаларда техникалық қызметкер болып еңбек ететін кәсіподақ мүшелерімен шипажайда кездесіп, жағдайларымен танысты. Аққали Қабижанұлы демалушылар мен шипажай қызметкерлерін Жыл басы – Наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.
Атырау облыстық ұйымы
-
Фотографии
-