ЕҢБЕК АДАМЫ
Ұстаздықты өмірлік мақсатына айналдырып, шәкірт жүрегінен өз орын алған ардақты маман – Ерғалиева Гүлшара Әбдірешқызы.
Ерғалиева Гүлшара Әбдірешқызы - 1967 жылы 1 қаңтарда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қаражар ауылында дүниеге келген. Білім жолын 1974-1982 жылдары Қаражар орта мектебінде бастап, 1982-1986 жылдары Балқаш педагогикалық училищесінде жалғастырды.
Алғашқы еңбек жолын өзі оқыған Қаражар орта мектебінен бастаған Гүлшара Ерғалиева осы күнге дейін мектепте көркем еңбек және бейнелеу пәнінің мұғалімі ретінде еңбек етіп келеді.
Ұстаз өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, әр оқушының жүрегіне жол таба білетін білікті маман ретінде танымал. Оның еңбегінің нәтижесінде оқушылары әртүрлі байқаулар мен жарыстарда жоғары жетістіктерге жетіп, мектептің абыройын арттыруда.
2020 жылы Гүлшара Ерғалиева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, «Көкжиек» республикалық білімділер сайысында «Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иегері атанды.
Ұстаздың жетекшілігімен оқушылар да республикалық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетіп, түрлі байқауларда жеңімпаз атануда. Бұл Гүлшара Ерғалиеваның қажымас еңбегі мен шәкірттеріне деген шынайы қамқорлығының айқын дәлелі.
Ерғалиева Гүлшара Әбдірешқызы – өз ісіне адал, ұрпақ жүрегіне жол салатын, асыл жан. Оның ұстаздық жолы – шәкірттерге білім мен өнердің қақпасын ашатын, үлгілі еңбек жолының жарқын мысалы.