ЖЕТІСУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер арасында волейболдан тартысты жарыс ұйымдастырылды. Аталған спорттық шараға Жетісу облысына қарасты аудандық және қалалық жалпы білім беру ұйымдарының директорларынан құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты.
Шараны Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі Қ.Касымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінде өтті. Ашылу барысында қатысушыларға жылы лебіздер айтылып, жарыстың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Салтанатты жиында сөз алған Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов қатысушыларды мерекемен құттықтап, жарыстың мәні мен мағынасына тоқталды. Ол өз сөзінде мұндай шаралар ұжым арасындағы ауызбіршілікті арттырып, қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Сонымен қатар, кәсіподақ тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Али Солтанбеков дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыстың биыл да жалғасын тапқанына тоқталып, Жетісу облысы білім басқармасының Кубігі үшін өтетін турнирдің барлық қатысушыларына алғыс білдірді. Ол жарысқа қатысушыларға тек жеңіс емес, жақсы көңіл-күй мен жаңа достық байланыстар тілейтінін жеткізді.
Жарыс барысында командалар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Екі күнге созылған турнирде әрбір команда жеңіске деген жігерімен ерекшеленіп, ойын алаңында кәсіби шеберліктерін паш етті. Нәтижесінде үздік командалар анықталды.
Қаратал ауданының командасы,
Талдықорған қаласының командасы,
Алакөл ауданының командасы иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қалған командаларға облыстық кәсіподақ ұйымының атынан ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-