КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Ақтөбеде Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Нұрлан Шындаулет Бестамақ орта мектебінің педагогикалық ұжымымен жүздесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында кәсіподақ ұйымының негізгі міндеттері, мұғалімдердің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ білім беру саласындағы жаңашыл бастамалар кеңінен сөз болды. Нұрлан Шындаулет өз сөзінде кәсіподақтың ұстаздар қауымының сенімді тірегі екенін атап өтіп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау әрдайым басты назарда екенін жеткізді.
Жиын барысында кәсіподақ мншелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Әсіресе еңбек жағдайы, жалақы мәселесі, сауықтыру шаралары мен әлеуметтік жеңілдіктер туралы ойлар ортаға салынды. Төраға көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтып, әр ұсыныс бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Сонымен қатар, кездесу аясында кәсіподақ ұйымының алдағы жоспарлары таныстырылып, білім саласындағы қызметкерлерге арналған түрлі жобалар мен қолдау шаралары туралы ақпарат берілді. Бұл өз кезегінде ұстаздардың кәсіби дамуына және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі екені атап өтілді.
Кездесу соңында мектеп ұжымы кәсіподақ тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдіріп, мұндай ашық диалог алаңдарының маңыздылығына тоқталды.
-
Фотографии
-