КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ШИПАЖАЙ МЕН САЯХАТҚА ЖОЛДАМА
Жуырда Ақтөбенің Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы Наурыз мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырып, ауданның бірқатар үздік кәсіподақ мүшелерін марапаттаған болатын. Марапат аясында оларға шипажайларға демалуға және тарихи-танымдық саяхатқа жолдамалар табысталды.
Көктемгі каникул кезеңінде марапат иелері аталған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, денсаулықтарын нығайтып, рухани серпіліс алды. Бір топ қызметкер Сосновый бор, Шипагер және Айсары шипажайларында демалып, емдік шаралар қабылдады. Табиғаты көркем орындарда тынығып, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алды.
Ал, тағы бір топ кәсіподақ мүшелері Алматы өңіріне тарихи-танымдық саяхат жасап, еліміздің ең көрікті жерлерін аралады. Саяхат барысында олар Қайыңды көлі мен Көлсай көлдері сынды табиғаттың көрікті жерлерін аралап, әсерге бөленді. Сондай-ақ, Шарын шатқалы саяхатшыларға ұмытылмас әсер сыйлады.
Мәдени-танымдық бағдарлама аясында олар Алматы арт музейіне барып, өнер әлемімен танысты. Сонымен қатар, Шымбұлақ, Медеу және Көктөбе сияқты әйгілі орындарды аралап, әсем табиғат аясында демалды.
Бұл сапар кәсіподақ мүшелерінің еңбегін бағалап қана қоймай, олардың денсаулығын нығайтып, рухани дамуына зор үлес қосты.
-
Фотографии
-